№100 референдум учаскесінде дауыс беруге келгендердің қатарында отасқандарына 20 жыл толған үлгілі отбасы да бар. Отағасы Сейілхан Асылбаев жары Гүлмира Темірғалиевамен дәл осы учаскеге дауыс беруге келіпті. Екеуінің отасқандарына биыл 20 жыл. Отағасы үнемі осындай науқандардан қалыс қалмай, өз таңдауын жасайтынын айтады.


– Референдум учаскесіне жолдасым екеуміз бірге келдік. Қандай сайлау болса да, қалыс қалып көрген жоқпыз. Үнемі сайлауға барып, өз дауысымызды береміз. Бүгін де ел ертеңі үшін дауыс бердік. Меніңше, рефрендумның әділ өтуіне еш кедергі жоқ бүгінде. Байқаушылар отыр, заң бұзушылыққа апарар ешбір кедергіні көрген жоқпыз, – деді Сейілхан Асылбаев.

Жалпы, бұл референдум учаскесінде шамамен 3000-ға жуық адам тіркелген. Таң атысымен қала тұрғындары таңдауларын жасауда. Сонымен қатар, бұл жерде «Жәдігер» қолөнершілер қауымдастығының шеберлері арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық нақышта тігілген түрлі киім-кешектер қойылған. Барлығы да шеберлердің бірегей бұйымдары. Дауыс беруге келген қала тұрғындарының көрмені тамашалап, ұлттық қолөнер туындыларымен жақынырақ танысуға мүмкіндігі бар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz



