Поэзия

Ел бағына жаралған

Қазағымда дара туған талай бар,

Оған дәлел – Махамбеттер, Абайлар.

Міне, осындай жақсылардың

жалғасы –

Елін сүйген, елі сүйген Жанайдар!

Қазағыңның қамы еді ғой тілегің,

Ізгілікке тұнып тұрды жүрегің.

Ел мұратын биік қойған бәрінен

Алашымның арысының бірі едің.

Асуларға, асқарларға жол аштың,

Қазағым деп талайлармен таластың.

Еңселі ер ел бағына жаралған –

Жаны жайсаң Жанайдары

Алаштың!

Қасиетін қайыстырып, қажап мың,

Қасіреті, қайғы-мұңы азаптың.

Ел басына нәубет күндер туғанда

Жанашыры бола білдің қазақтың.

Құлагерім, ақтаңкерім ақтабан,

Әз халқы үшін жаны тыныш таппаған.

Қайта тумас қастерлі ұлды өзіңдей

Түгіскеннің түлегі деп мақтанам!

Ізгі еді ғой кеудеңдегі арманың,

Қиялыңда қияларға самғадың.

Сәкен сынды саңлақтарға серік боп,

Жақсылардың сара жолын жалғадың.

Елі үшін еңбек еткен жүйелі,

Сенің атың жас ұрпаққа – киелі.

Өшпейтұғын із қалдырған артында

Есіл ерді ел қашанда сүйеді.

Сабина ИГІЛІК,

Ж.Сәдуақасов атындағы

Түгіскен орта

мектебінің 11-сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button