Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде еліміздің өткенінен сыр шертетін, тарихын таңбалайтын құнды жәдігерлер көп. Соның бірі – 1987 жылы 21 сәуірде белгілі металлург А.ТРУДНИКОВТІҢ екінші сұйық ваннада балқыту пешінің құрылысы басталғанда қалаған алғашқы кірпіші.
Өндіріс құрылысына алғашқы қаланған кірпішті көп жыл бұрын музейге Балқаш кен-металлургия комбинатының өкілдері табыстаған. Өткен тарихты парақтасақ, зауыттағы екінші Ванюков пеші 1987 жылы қарашада қатарға қосылған еді.
– Балқаш кен-металлургия комбинатында мысты сұйық ваннада балқыту ісіне мықты мамандар күш салды. Музейде тұрған алғашқы кірпіш көп дүниені мәлім, – дейді. Айта кетейік, 1987 жылы 6 қарашада өндіріс ошағының сұйық ваннада балқытатын екінші пеші іске қосылды. 8 сағат 45 минутта алғашқы штейн берілді. Бұл күнге кешенді орнату бойынша сегіз ай бойы тынымсыз тер төгілді. Агрегатты іске қосуға Б.Манаенков, М.Темірханов, В.Смальцев, Б.Цой, А.Смаков, В.Мануйлов, В.Кучапин, С.Нақыпбеков қатысты, – дейді музей қызметкері Дәулет Қожақов.
Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ қаласы.