АймақЖаңалықтар

Екібастұз тұрғындарының шығынын кім өтеп береді?

Екібастұз қаласының тұрғындары апаттың салдарынан бірнеше күн бойы жылусыз отыр. Одан қала берді, жарылған труба, батарей, аққан су баспаналарын алып кетті. Ал, оны қалпына келтіру – қыруар қаржы. Осы тұрғыда Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жылу электр орталығындағы апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығыны қалай өтелетінін айтты, – деп хабарлайды Ortalyq.кz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Тұрғындар баспанасын өз қаражатына қалпына келтіруі – үлкен шығын. Сондықтан, тұрғындарға Үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бүгінде қалада 12 жылу пункті болса, оның жетеуі өтініш қабылдайды екен. Өтініш еркін формада жазылады. Яғни, өтініште нақты жағдайлар мен келтірілген залалды толық жазып, қажет өтемақы сомасын  көрсетсе болғаны. Қала әкімі бұл жөнінде:

– Тұрғындар өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізсе, онда төлем жасалған түбіртекті сақтауы қажет. Артынша арнайы комиссия тексеру жүргізіп, үш күн ішінде шығынды өтеп береді. Ал, барлық жөндеу жұмысы аяқталған соң қаладағы төтенше жағдай алынады, – деп жауап берді.

Ал, Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Круг шығынды есептеу әлі басталмағанын айтады.

– Қазір біз апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмысты аяқтағаннан кейін комиссия жұмысын бастайды. Қазірдің өзінде екі мыңнан астам өтініш келіп түсті, – дейді ол.

Басқа материалдар

Back to top button