Егін науқаны мәреге жетті
Облыста егіс науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл жаздық егіс алқабы, картоп, көкөніс отырғызу көлемі артты. Фермерлер жоғары сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды көбірек қолдана бастады. Облыста егіс науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл жаздық егіс алқабы, картоп, көкөніс отырғызу көлемі артты. Фермерлер жоғары сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды көбірек қолдана бастады.
– Егіс науқанына 1 884 ауыл шаруашылығы құрылымы қатысты. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 213 шаруашылыққа артық. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда жаздық егіс көлемі 40 мың гектарға артып, 1 млн 57 мың 700 гектарды құрады. Картоп 11 042 га, көкөніс 1 794 га аумаққа салынды. Жемшөп дақылдарының егістігі 15,9 мың га ұлғайды және 79,2 мың га құрады, – деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте.
Ол облыс шаруашылықтары сұрыптық жаңартуға көңіл бөлетінін атап өтті. Мысалы, биыл жоғары репродукциялы тұқымдар барлық астық танабының 92%-на қолданды. Дәнді дақылдар мен картоп отырғызуда элиталық тұқымдарды қолдану да артты.
Басқарма басшысының ақпаратынша тұқым шаруашылығын қолдауға биыл 726 млн. теңге бөлінді және бұл соманың басым бөлігі төленді.
Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, арамшөптер және зиянкестермен күресуге бюджеттен қаражат бөлінді.
Егіс науқанына 9 500-ден астам трактор, 229 егіс кешені және 5 556 сепкіш жұмылдырылды. Оның ішінде, биыл сатып алынған жаңа техника да қолданылды. Аграршылар 19 мың тонна арзандатылған дизель отынын алды. Егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың 108 шаруашылығы «Кең Дала» және «Егінжай» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несиелерді пайдаланды.
– Облыста егіс науқаны жоспарлы мерзімде аяқталды. Бұған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын алдын ала дайындау, қолайлы ауа-райы ықпал етті. Енді жақсы егін жинауға жағдай жасау керек. Қорғаныс шараларын уақытында жүргізу, сүрі жерлерді өңдеу қажет. Ауыл шаруашылық басқармасына қолдау көрсету бойынша кешенді шараларды қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.