Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс
Аудандық орталық кітаппхананың ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты кенттік эссе байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Армиясы мен кеңес халқының ерлігі туралы тарихи жадыны, фашизмнен арылудағы еліміздің рөлін түсіну арқылы кент тұрғындарының арасында патриоттық сананы қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту және Ұлы Отан соғысының маңыздылығын дәріптеу. Байқау қазақ және орыс тілдерінде 01 сәуір мен 01 мамыр аралығында, «Ұлы Жеңіс: ұрпаққа ұран, келешекке аманат», «Батыр бабалар ерлігі – мәңгілік ел мұрасы», «Менің атамның майдан жолы», «Соғыс тарихындағы ерлік пен қайсарлық», «Бүгінгі бейбіт өмір – батырлардың ерлігімен келген», «Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы үлесі» және «Ардагерлер – ерліктің мәңгілік ескерткіші» тақырыптарында эссе жазу бойынша өткізілді.
Байқау аясында Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына арналған «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты тағылымды кеш орын алды. Салтанаты кеш «Майданнан хат» көрінісімен ашылды. Көрініске – Оспанова Айтолқын, Гэндебай Аяулым, Усеров медет және Жаңбырбаев Айбар қатысып, сахналауымен қойылған спектакль көрермендердің жүректерін елжіретті.
Бұл – қан кешкен жауынгерлерге тағзым етіп, олардың ұрпаққа қалдырған бейбіт өмірін қадірлеу күні. Кешіміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен жалғасын тауып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларымызды, елі үшін жанын қиған ұл-қыздарымызды, бейбіт күн үшін құрбан болған барша қаһармандарды еске алып, 1 минут үнсіздікпен жалғасты.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Көрермендерге биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры – Әлия Молдағұловаға арналған көрмемен таныстырып, «Әлияның Сапураға жазған хатын» көркем сахналық көрінісімен ортаға Мұқан Іңкәр оғыды. Ол – ерлігімен ел жадында сақталған қазақ қызы. Әлияның бейнесі бүгінгі аруларымызға үлгі болмақ. Әлия майдан даласында жүріп туған-туыстарына хат жазған. Бұл хат – оның жүрек үні, отанға деген адалдығының айғағы. Бұл – өшпейтін хат. Бұл – ұмытылмас үн. Батырлар да бала болатын. Сағыныш, қорқыныш, үміт – сол хаттарда жатыр. Біз олардың жазғанын оқып ғана қоймай, аманат етіп қабылдауымыз керек.
Қаһарман – елдің қалқаны. Қазақ халқының рухын көтеріп, отаншылдықты ұрпаққа аманаттаған дара тұлға – Бауыржан Момышұлына биыл 115 жыл толып отыр. Батырдың бейнесі де, сөзі де, ерлігі де – мәңгілік рухани мұра. Б.Момышұлы туралы бейнеролик көрсетіліп, ерлігімен елге үлгі болған Бауыржан атамыздың рухына тағзым ретінде кезекті сөз – жас ұрпақ өкіліне беріледі. Бауыржан Момышұлына арналған С. Мұқановтың арнауын 7-сынып оқушысы Тұяқ Жәнібек оқыды.
Конкурс шарттарына сәйкес қатысушылар мәтінді баяндауда өзіндік ерекшелігін және оның мазмұнында патриотизмді көрсету.
Уақыттың тынымсыз жүгіруінен мағынасы өшпейтін және адамдардың жадынан өшпейтін оқиғалар бар. Олар туралы естеліктер мұқият сақталады және ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады. Жад – бұл өткен мен болашақ арасындағы байланыс.
Жеңіс күні – бұл жай ғана мереке емес! Жеңіс күні – ең үлкен күндердің бірі. Бұл күн ешқашан тарихтан алынып тасталмайды, ол күнтізбеде мәңгі қалады және әрқашан сол қорқынышты оқиғаларды еске түсіреді. Жеңіс – қасіретпен келген қасиетті күн. Сол күнге жету үшін миллиондаған адам жанын қиды, ана баласынан, бала әкесінен айырылды. Олардың жанкешті ерлігі – мәңгілік ән мен жырға айналды.
Байқауға 15 жастан жоғары кент бойынша кітапхана оқырмандары қатысты.
Барлық қатысушылар еліміздегі осындай тарихи күндер мен оқиғаларды мерекелеу қажет екендігін жазып, өйткені олар жас ұрпаққа мемлекетіміздің даму барысын және оның қазіргі күнін анықтаған сарбаздардың даңқты жеңістерін еске салады.
Қатысушылар өз еңбектерінде жауынгер аталарымыздың ерлігі
туралы, тарихты, ұйымшылықты, патриоттық сезінуге мүмкіндік беретінін және халықаралық аренада өзін сенімді сезінуге мүмкіндік беретінін, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейтінін атап өтті.
6 мамыр күні қазылар алқасының отырысы өтті, оның құрамында: Жұмақаева Әлия Саятқызы (“Бұқар жырау жаршысы” газетінің редакторы), Жексенбаева Айгүл Мұқарамқызы (Бұқар жырау ауданының ОКЖ директоры), Абикеева Ажар Амантайқызы (ОКЖ әдістемелік бөлімнің меңгерушісі), онда конкурстың жеңімпаздары мен үздік жұмыстар анықталды.
Байқауға ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтті. Барлық шығармалар ұсынылған тақырыбын ашады, байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді.
Қазылар алқасы үш котегария бойынша бай тілдік дизайн және эссенің өзіндік ерекшелігі үшін үздік жұмыстарды анықтады: конкурс қорытындысы бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен он қатысушы марапатталады, барлығы 26 қатысушы болды. 15-20 жас аралығында – І-орын Дюсенова Мерей, ІІ-орын Ербол Илла, ІІІ-орын Сапарина Медина. 20-35 жас аралығында – І-орын Платунов Александр Владимирович, ІІ-орын Оспанова Ажар Дулатқызы, ІІІ-орын Мұқан Іңкәр Қанатқызы. 35 жастан жоғары котегориясы бойынша – І-орын Қозбагарова Күләш Қазиханқызы, ІІ-орын Кочкина Ольга Сергеевна марапатталды. Арнайы «Өлең өнерінің шебері» номинациясы бойынша Бекежанов Айтуар Боранбайұлы және «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты атты кенттік эссе байқауына үлес қосқаны үшін Жаукешова Айнұр Багинтаевна алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Кеш сонында – ерліктің, рухтың және бейбіт өмірдің маңызын ұғындыратын сәт болды. Ата-баба аманатын ұмытпай, Жеңісті жақындатқан жандарға тағзым етіп, Жеңіс лентасын тарату рәсімі өтті.
Бұл лента – бейбіт күннің символы, батырға деген тағзым, ұрпақ пен ұлттың байланысы. Лента – жай ғана белгі емес, ол – Жеңісті ұлықтау, тарихты құрметтеу. Осы лентаны кеудемізге тағып, жауынгерлерге деген алғысымызды жүрекпен сезінейік.
Ерлік ұмытылмайды. Жеңіс мәңгі жасайды! Ұрпақ бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік әрқашан биік болғай!
Индира АСКАРОВА,
Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы