Жаңалықтар

Еңбеккердің еңсесі биік

«AMANAT» партиясы елдің әр өңірінде еңбек адамдарының қоғамдағы беделін көтеруге бағытталған ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұл бастама партияның еңбек адамына деген айрықша құрметі мен қолдауын айқын көрсетеді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында ұйымдастырылған салтанатты жиын – осының жарқын дәлелі. Металлургтер күніне орай өткен бұл іс-шарада өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек озаттарына ерекше ілтипат көрсетілді. Саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлері партия атынан арнайы Алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Сурет ұйымдастырушылардан

– Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының қоғамдағы мәртебесін көтеру, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсету. Қандай да бір саланы алып қарасақ та, мейлі ол өндіріс, өнеркәсіп, құрылыс немесе ауыл шаруашылығы болсын, барлығында да негізгі қозғаушы күш, табысқа жеткізетін басты фактор – бұл қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбегі. Біз мұны ешуақытта естен шығармауымыз керек. Ең алдымен, ел экономикасының іргетасы жұмысшы қауым екенін толық түсінуіміз қажет, – деді «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков. – Қазіргі заманда техниканың, технологияның дамуының өзі де осы мамандардың тікелей қатысуынсыз мүмкін емес. Сондықтан, біз жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастар арасында бұл салаларға деген қызығушылықты оятуымыз қажет. Бұл – тек бір күндік шара емес, бұл – ұзақмерзімді стратегиялық бағыт.

Айта кету керек, аталған іс-шара 2025 жылдың елімізде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануымен ерекше үйлесіп отыр. Бұл – мемлекет тарапынан еңбек адамына, оның кәсібіне деген жоғары деңгейдегі назар мен қамқорлықтың айқын көрінісі. Осыған орай, «AMANAT» партиясы да өз тарапынан нақты істер арқылы жұмысшыларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Біз алдағы уақытта да еңбек адамының абыройын көтеріп, олардың еңбегінің қоғамда лайықты бағалануын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі алаңдарда әрекет етуді жалғастырамыз деді партия өкілдері.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button