Аймақ

Дубовкалықтар бірнеше күн бойы ауыз сусыз отыр

Дубовка ауылында әлі су жоқ. Осыдан бірнеше күн бұрын ауыл тұрғындары билік тарапына аптап ыстықта ауыз сусыз қалғанын айтып шағымданған еді. Бірақ, құзырлы орган алдағы демалыста мәселе толығымен шешіледі деп уәде бергенімен, іс жүзінде жүзеге аспай отыр.  

 

14 шілдеде резерверға су толтыратын сорғы ауыстырылды. Алайда, құрылғы толық жаңартылғанымен, үйді-үйге ауыс су әлі кірмеген. Ал, бұл мәселені жауапты мамандар былай түсіндіруде.

– Кезекші топ ақауларды анықтап, сорғыны іске қосты. Су құбыры жұмысын тоқтатқаннан соң резервуарларды судан босатып қойғанбыз. Қазір барлық сорғылар қалыпты жұмыс істеп тұр. Резервуарлар да суға толтырылуда. Су толық жиналған бойда қысым қалыпқа келіп, толтырғаннан кейін судың қысымы тұрақталып, толық беріледі, – деді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button