Діни конфессиялар өкілдерімен кездесті
Қарағанды облысында діни нанымы әртүрлі 100-ден аса этнос пен халық тұрады. Қазіргі кезде аймақта 314 діни бірлестік, 254 діни ғимарат бар. Жуырда облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.
Облыстық орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, Қарағанды мен Шахтинск епархиясының епископы Севастьан, Рим-Католиктік епархияның епископы Аделио Дель Оро өңір басшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жұмыстары жайлы баяндады.
Дәстүрлі діндер өкілдері өз қызметінде терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға баса назар аударады. Олар келушілерге радикалды ағымдардың деструктивті қызметі туралы айтады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өз Жолдауында белгілеген міндеттерді орындауға белсенді атсалысады.
Кездесудің басты мақсаты – танысу, Қарағанды облысының конфессия басшыларымен діни қызмет бойынша пікір алмасу, дінаралық қатынастар мәселелерін талқылау.
– Бұл – соңғы кездесуіміз емес. Міндетті түрде сіздерге барамын, дін саласындағы мәселелерді егжей-тегжей талқылаймыз. Осы мәдениет, осы дін арқылы өскелең ұрпаққа тәрбие береміз, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Кездесу соңында облыс әкімі келушілерді алдағы Пасха мерекесімен құттықтады.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.