Димаш Құдайбергенге Сербияда ерекше сыйлық табысталды
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Karić brothers award» сыйлығына ие болды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
– Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым.Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады, – деп жазды ол.
Әншінің айтуынша, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферовке, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа, кинорежиссер Е.Кустурицаға, қоғам қайраткері М.Мазариге, теннисші Новак Джокович пен актер Стивен Сигалға – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.