Ресми

Департамент 250 гектар жерге қатысты шағымданған азаматтың құқықтық мүддесін қалпына келтірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.

Сурет: basagro.kz сайтынан

Атап айтқанда, ағымдағы жылы Осакаров ауданының тұрғыны ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін 250 гектардан астам жер учаскесін беруден негізсіз бас тарту фактісімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағым білдірген.

Аталған шағым негізінде, Департамент (бұдан әрі- Департамент) қызметкерлері Осакаров ауданының әкімдігінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгенін анықтады.

Тиісінше, шағымды қарау нәтижесі бойынша Осакаров ауданы әкімдігінің атына бұзушылықтарды  жою туралы ұйғарым енгізілді.

Осылайша, Департаменттің тікелей араласуымен көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясының шешімімен Осакаров ауданында ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін жүргізу үшін 250 гектардан астам жер учаскесі беріліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Департаменттің ерекше бақылауында.

Қ.ТЕМІРЖАНОВ,
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button