Бас тақырып

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Қазгидрометтік мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейтінін, әрі қарсыз арктикалық антициклон болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Онымен бірге аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал таулы аймақтарда 30-35 градус аяз, күндіз 10-25 градус аяз болады деп күтілуде.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button