Жаңалықтар

Дауыс беруге отбасымен келді

Қарқаралы қаласының тұрғыны Мардан Әлжан аудандық мәдениет үйінде орналасқан 466 референдум учаскесіне отбасымен келді.

Сурет автордан

Белсенділік танытып, алғашқы болып дауыс берді және естелік сыйлыққа ие болды.

– Біз референдумға отбасымызбен келдік. Жарым екеуміз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Әр адам дауыс беру арқылы еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Бұл – әр ел тұрғынының азаматтық борышы, – дейді Мардан Асқарұлы.

Референдумға жары Бибінұр Саятқызы және төрт баласымен келгенін атап өту керек.

Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button