Дарынды шәкірттеріміз де барады
Әлем көз тіккен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі есігін айқара ашты. Көрменің тақырыбы – тым өзекті, ғалам үшін маңызды. Ол – «Болашақтың энергиясы!».
Біздің №15 мектеп-лицей ұжымы мен оқушыларымыз да көрмені көзбен көріп қайтуға бел буды.
Білім ұясының дарынды ұл-қыздары маусым айының соңында Астанаға жол тартады. Көрмедегі жаңа бастамалармен танысып, тың идеялардан ой түю үшін.
Бұл көрме – Ұлы Қазақстан тарихындағы ең көлемді жобалардың бірі. Менің ойымша, көрме білімге, ғылымға құштар жас буынды шын мәнінде ынталандырады. Жаңа биікке жетелейді.
Мектеп-лицей директоры Қарлығаш Дүбірбекованың бастамасымен оқушыларымыз көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, бақтарын сынап жүр. Жетістіктеріміз мол.
«ЭКСПО – 2017» көрмесімен танысу да жемісті, жеңісті жолдарымызды жаңғыртпақ!
Сымбат СҮЛЕЙМЕНОВА,
№15 мектеп-лицей
директорының орынбасары, эдвайзер.
Балқаш қаласы