Руханият

«Дарында» дара шықты

Сурет Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Еліміздің оңтүстік астанасынан сүйінші хабар жетті. Оқу-ағарту министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен балалардың республикалық «Дарын» өнер байқауында Қарқаралының Сарыобалы ауылынан қатысқан Мәдениет Қапият «Көркемсөз» жанры бойынша Бас жүлдені жеңіп алса, Қарағайлы мәдени-сауық орталығындағы «Сиқырлы қылқалам» үйірмесінің тәрбиеленушісі, 5 жастағы Малика Әнуарбек «Қолөнер» жанры бойынша І орын иеленді.
Ауданның абыройын асқақтатқан өнерлі жасөспірім мен балдырғанды өнерге баулыған, бойларындағы шығармашылық шабытын оятқан жетекшілері – Сарыобалы ауылы клубының ұйымдастырушысы Нұргүл Төкенбаева мен Қарағайлы мәдени-сауық орталығының әдіскері Гүлден Әділхан. «Дарын» өнер байқауының қарқаралылық жұлдыздары өз ұстаздарымен бірге Түркия еліне 8 күндік саяхатқа барады. Сонымен бірге, Мәдениет Ернұрқызы Baq Star киностудиясының кастингіне қатысуға жолдамаға ие болды.
Жеңісті жол жалғаса берсін, жас таланттар!

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button