Облыс әкімі

«Даму» қолдау көрсетті

«ЭГОФОМ» компаниясы 2007 жылы Қазақстанда алғашқы болып серпінді пенополиуретан (поролон) өндіру бойынша зауытты іске қосты. Биыл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арқасында кәсіпорынға айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 6%-бен несие берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Біздің компания қарқынды дамыды. «Сельмаш» жартылай бұзылған кешенінің базасында қосымша цехтар мен қойма үй-жайлары қалпына келтіріліп, салынды. Біз жабдықтарды Норвегиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Ресейден сатып алдық.

Компания шығаратын өнімдер жиһаз өнеркәсібінде жұмсақ жиһаз, кеңсе креслолары мен орын­дықтарды өндіру үшін, сондай-ақ матрац өндірісінде, автомобиль өнеркәсібінде, тоқыма өндірісінде қолданылады. Сонымен қатар, серпімді полиуретанды көбік техникалық мақсатта және күнделікті өмірде орау материалы ретінде қолданылады,– дейді «ЭГОФОМ» ЖШС директоры Елена Барановская.

Қазіргі уақытта кәсіпорын процестерді барынша механикаландыруға және жұмысшылардың жұмысын жеңілдетуге басымдық береді.

– Біздің міндетіміз – серіктестер мен тұтынушылардың талаптарына сай болу. Бұл ретте бізге әрбір серіктес – ірі жиһаз холдингінен бастап, шағын отбасылық фабрикаға дейін маңызды, – деп қосты Елена Барановская.

2021 жылдың басында «ЭГОФОМ» ЖШС-не айналым қаражатын толықтыруға қаржы қажет болды. Қазақстан Халық банкінің Қарағанды филиалы қарызды жылдық 14% мөлшерлемемен мақұлдады. Соманың бір бөлігін «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде субсидиялады. Нәтижесінде кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, қор кепілдің жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді.

– Несиелеу есебінен шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуды және дайын тауар экспортын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – дейді компания директоры.

Бүгінде зауыт өнімінің 49% экспортқа кетеді. Тұтынушылар қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Сібір аймағы бар. Қалған бөлігі – 51% – ішкі нарықта сатылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button