Ресми

D санатының талабы өзгерді

Елімізде енді автобус жүргізушілерінің ең төменгі жасы (D санаты) 23 жас болмақ. Бұл туралы Заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң қол қойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Сурет fotobus.msk.ru

Естеріңізде болса, бұрын D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер 25 жасқа толып, сыйымдылығы төмен автобустарда үш жылдық жұмыс өтілі (D1 кіші санаты), сондай-ақ, жүк көлігінде бір жыл (С1 кіші санаты) болуы керек еді. 2003 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Автомобиль көлігі туралы» Заңның мәтіні келесідей өзгерді. Онда:

«Жүргізуші орнынан басқа 16-дан астам орны бар автобустар және троллейбус­тармен жолаушыларды тасымалдауға 23 жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде D1 кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл жүргізушілер жіберіледі», – делінген.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button