Бас тақырыпМедицина
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға препараттардың шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл дәрі-дәрмектерге қолжетімді баға белгілеуді, әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дәрі-дәрмекті қолданғаннан кейін жанама әсер пайда болса, оны да хабарлауға болады. Бұл дәрі сапасын бақылауға септігін тигізеді.
Дәрі бағасы белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда, мынадай айыппұлдар көзделген:
• Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
• Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
• Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
• Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
• Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА