Спорт

Дүниежүзілік турнирден жүлдемен оралды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта қаласында жауынгерлік ойындарынан дүниежүзілік турнир өтті. Аталмыш турнирде қарағандылық Руслан Степанов кикбоксингтен 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, әлемдік турнирге 80-нен астам елден 1500 спортшы қатысқан.

Сурет: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік парақшасынан

Жауынгерлік ойындарының бағдарламасына спорттың 16 түрі енді. Барлық спорт түрін қоса есептегенде осы байқауда спортшылар 954 медаль жиынтығын сарапқа салды. Турнир қорытындысында Украина спортшылары медаль жиынтығы бойынша көш басына шықты. Одан кейінгі сатыда Сауд Арабиясының спортшылары табан тіреді. Ал, Қазақстан құрамасы 12 алтын, 13 күміс, 23 қоламен үздік үштіктің қатарына енді.

Сонымен қатар, бұл турнирдің айта кететін бір ерекшелігі бар. Мұнда параолимпиада спортшылары мен арнайы спортшылар да қатысып, өзара сынға түсті. Ал, олардың көрсеткіші жалпыкомандалық есепке біріктірілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button