Дәлелсіз: «Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқастарды ауру емес, өздері өлтіріп жатқандарын мойындады»
Желіде COVID-19 өлім-жітімнің жоғары болуы – ауру салдарының емес, дәрігерлердің сөз байласуының нәтижесі деген теорияға «растау» тапты. Дәлел ретінде румын ауруханаларының бірінің бұрынғы медбикесінің мәлімдеме жасаған жаңалықтар сюжетін таратуда. Онда ол мекеме қызметкері ретінде ауыр науқастарды өлтіруге мәжбүр болғанын мойындайды.
Шын мәнінде, прокуратура расында қылмыстық с қозғады, ауруханада бірқатар тексеулер жүргізілді. Румын клиникасында пациенттердің шынымен өлтірілгеніне ешқандай дәлелдер жоқ. Бұл туралы хабарлама БАҚ-қа анонимді түрде келіп түсті және ешқандай дәлелдер келтірілмеген. Тексеру нәтижесінде клиникада болған кісі өлтіру жағдайларына ешқандай дәлелдер табылған жоқ. Румыния клиникасындағы кісі өлтіру жағдайлары бүгінде дәлелденбеген себебінен, бұл әлем бойынша дәрігерлер аса қауіпті ауру деп COVID-19 жұқтырған пациенттерді өлтіретіндігінің дәлелі бола алмайды.
Толығырақ: t.me/stopfake_kz
Фейк: «КВИ-ге қарсы барлық вакциналар құрамы жағынан бірдей және улы»
Вакцинацияға қарсы қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы барлық вакциналардың құрамы бірдей және іс жүзінде аурулардың алдын алу құралы емес, қауіпті у болып табылады.
Шын мәнінде, қазіргі кезде қолданылып жатқан COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы баршаға қолжетімді. Қолдануға рұқсат етілген бірде-бір вакцинаның құрамында улы заттар жоқ. КВИ-ге қарсы иммундауға арналған препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады. КВИ- ге қарсы вакциналар улы болып табылады және құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді деген пікірлер негізсіз және фактілерге қайшы келеді.
Толығырақ: t.me/stopfake_kz | #вакцинация_stopfake