Covid-19 туралы ақпаратты тексеретін ресурс іске қосылды
Коронавирус пандемиясы ақпарат әлемінде төңкеріс жасады. Өтірік пен қауесет вирустан да тез тарайды және елдің үрейін ұшырады. Бұл құбылыс – инфодемия деп аталады. Осыған орай, елімізде Covid-19 туралы ақпараттың шынайылығын тексеретін «Coronavirus, KET-KET-KET!» жобасы іске асырылды.
Соңғы күндері интернетте коронавирусты емдеуге арналған күмәнді әдістер көбейген. Тексерілмеген ақпарат адам өміріне қауіп төндіреді. Мәселен, Иранда бірнеше адам вирустан қорғануға көмектеседі деп метилденген спирт ішіп, уланып қайтыс болды. Жаңа жоба осындай дүниелердің алдын алмақ.
«Біз Factcheck.kz, New Reporter және «Үш нүкте. Не көретініңді біл!» біріге отырып, «Coronavirus, KET, KET, KET!» арнайы жобасын құрдық. Деректерді тексеруші редакторлар ақпаратты сын тұрғысынан бағалау, оны саналы түрде қабылдау, дереккөздерді тексеру, қолдан жасауды анықтауға қабілеті. Бұл сізді және жақындарыңызды дұрыс емес шешімдерден қорғап, өміріңізді құтқара алады деп санаймыз. Сондықтан біз бір ресурста Covid-19 туралы жалған және вердикттерді жинақтадық. Біз күн сайын жаңалықтар мен әлеуметтік желілерді бақылап, коронавирустың инфодемиясы қаупі жойылғанша ақпараттарды үнемі жаңартып отырамыз», – деп жазылған жаңа ресурс бетінде.
Егер сіз қоғамда дүрлікпе тудырған коронавирус туралы күтпеген жаңалық алсаңыздар, оларды http://infodemiya.tilda.ws/kz жіберуіңізге болады.Осыдан соң деректің шынайы немесе жалған екені тексеріледі.
Сондай-ақ мұнда Қазақстандағы және бүкіл әлем бойынша коронавирус туралы шынайы ақпарат алу мүмкіндігі бар сенімді дереккөздерді, ресурстар тізімін табуға болады.