Қоғам

БЖЗҚ салымшыларының шотында 12,8 трлн теңге жинақталды

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шотында 12,8 трлн теңге жинақталды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,4 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 374,5 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аясында жинақтардың жалпы көлемі шамамен 2,6 млрд теңге болды», деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, биыл жарналар көлемі көбейген. 2022 жылдың бес айында салымшылардың шоттарына шамамен 661,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 147,2 млрд теңгеге көп.

«Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 947,5 млрд теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 840,6 млрд теңге. Сонымен қатар жасына байланысты төлемдер 42,4 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер 28,6 млрд теңге болды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

 

Басқа материалдар

Back to top button