Бас тақырыпЖаңалықтар

Бюджет қаражатының жұмсалуы – бақылауда

Қарағанды облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.

Сурет: gov.kz

Мәселен, «Балқаш қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары заң талаптарына қайшы келіп, 625 млн.теңге сомасына су құбырын жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жүргізген. Сонымен қатар, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшейтін құрал-жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды 75,2 млн.теңге сомасына негізсіз жоспарлаған. Қарағанды облысының прокуратурасының мәліметінше қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button