АймақБұқар жырау

Ботақарада бұқара тойы

Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде бүгін таңертең басталған Наурыз тойы түннің бір уағына дейін созылмақ. Оның бағдарламасында белгіленген мерекелік шараларда бәрі қамтылған. Атап айтқанда, аудандық Мәдениет үйінің алдына бірнеше киіз үй тігіліп, таңнан сауда қызып, ыстық палау мен бауырсақ пісіріліп, Наурыз көже таратылып, кенттегі ұжымдар көше бойлай шеруге шығып, осында маңдай тіреді.

Суреттерді түсірген: Жанұзақ Макишев.

Алаңға жиналған халықты аудан басшылығы құттықтап, оларға Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекеге арналған сахналық қойылымдар көрсетілді. Бұдан кейін ұжымдар арасында өнер сайысы, «Наурыз-тілек» байқауы өтіп, аудандық кітапхананың балаларға арналған бағдарламасы ұсынылды.

Түске дейін қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өткізіліп, аудан көркемөнерпаздарының концерті болды.

Ал, түстен кейін мереке жалғасып, одан әрі ботақаралықтар қыздар мен жігіттер байқауы мен мерекелік отшашуды тамашалайтын болады.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button