Ботақара кентінде газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты
Бүгін, 30 қаңтар күні сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты.
– Әуезов көшесінде орналасқан 12 пәтерлі тұрғын үйдің №10-пәтерінде жарылыс болды. Пәтердің, қабырғалары мен төбелерінің, оның ішінде бірінші қабатта орналасқан № 7 пәтердің шатырының толық құлауы орын алды. Бірінші қабаттағы № 5, 6, 8-ші және екінші қабаттағы 11, 12-ші пәтерлер де жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған, – дейді облыстық ТЖД мамандары.
Сағат 00.11-ден бастап 03-37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адамның денесі мен 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жағдай облыс әкімінің бақылауына алынды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz