Облыс әкімі

Болжам: егін бітік шығады

Жаздың тым құрғақ болуына қарамастан, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының шаруалары егін өнімі жақсы болады деп болжам жасап отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ауданның егістіктерінде болып, өсімдіктердің жай-күйін қарап шықты. Ол сондай-ақ малға жем дайындау барысымен танысты.

Доскей ауылында «Стрелец» шаруа қожалығы дәнді дақылдардан басқа зығыр өсіреді. Шаруашылық басшысы Николай Васильченконың айтуынша, бұл дақыл 240 гектар жерге егілген және егін былтырғы жылдан жоғары болады деп күтілуде.

Семізбұға ауылындағы «Желдібай» шаруа қожалығы 1 500 гектар егістікті өңдейді, ал жалпы жер көлемі – 3 300 гектар жерде кәсіпорын мал шаруашылығына маманданған және өз қажеттіліктері үшін дәнді және шөпті өсімдіктерді өсіреді. Серік Шайдаров Тасшоқы ауылындағы «Марат», Ақжар ауылындағы «Жалғас» шару қожалықтарында болды. Ол ауыл тұрғындарының мал азығын жинағанына көз жеткізді.

Жұмыс сапары барысында әкім орынбасары «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Серік Шайдаров аудан басшылығына күнделікті жұмыс сапасын бақылап, кестеден қалыс қалмауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button