Руханият

Болмыстың арғы жағы

Сәкен театры Әскерхан Ақтайдың «Ай қараңғысы» әлеуметтік драмасын қойды. Режиссері – Айдын Салбан.

Сурет: театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

«Ай қараңғысы» драмасы адамгершілік пен адалдық, ар, намыс, әділдік деген қасиеттер хақында ой қозғайды. Адам баласының мансап, атаққа деген құмарлығы және соған жету жолында нендей құрбандықтарға бара алатынын айтады. Байлыққа кенелу үшін ізгі қасиеттерді ұмытқан, кеудесінде махаббат пен мейірімнің алауын өшірген кейіпкерлер арқылы санаға түсетін дерттің қандай болатынын көрсетеді.

– Спектакльдің атауын құрайтын «Қараңғы ай» тіркесінің өзі айдың қараңғы жағы бар екенін көрсетеді, оның құпиясын ғалымдар әлі ашқан жоқ. Адамның да жанының қараңғы жағы бар. Қазіргі уақытта ең қараңғы жағымыз – сыбайлас-жемқорлық. Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық тек пара беру, немесе, алу ғана емес. Сыбайлас жемқорлық – бұл сезімнің, рухтың күйреуі. Спектакль жастардың тағдыры, олардың үлкен құрылыс компаниясын қалай әшкерелейтіні туралы. Қойылымның бір ерекшелігі – оны негізінен осы маусымда бізге келген жас актерлер мен актрисалар ойнады. Екінші премьера 3 ақпанда өтеді, – деді режиссер Айдын Абзалбекұлы.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button