БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕРГЕ – ӘЛЕУМЕТТІК СЕРПІН
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бес әлеуметтік бастамасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыру жолында қуатты әлеуметтік платформа болып табылады.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің барлық оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Президенттің стратегиялық маңызды бастамасын жоғары білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыру ретінде ерекше шабытпен қабылдады. Осы бастама аясында 20 000 мемлекеттік білім беру грантын қосымша бөлу, оның ішінде, 11000-ы талап етілген техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға қарастырылды. Бұл жастарды әлеуметтендіруге, Қазақстан индустриясы мамандарын, бірінші кезекте өнеркәсіптік өндірісті цифрландыру және «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу жолында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Университет бірегей кадрлық, ғылыми, білім беру және өндірістік әлеуетке ие және маңызды білім беру бағдарламаларының ең ауқымды спектрі бойынша, оның ішінде, ақпараттық технологиялар, робот техникасы, автоматтандыру, нанотехнологиялар саласында гранттарды тиімді игеру үшін барлық мүмкіндіктері бар.
Оның базасында Қазақстанның кен-металлургиялық кешенінің 70 негізгі кәсіпорны және сервистік салалар, сонымен қатар, TOTAL, FESTO, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, Leica Geosystems, Epam Systems және FLUOR трансұлттық корпорацияларының қатысуымен жабдықталған 8 инженерлік құзырет орталығы енетін «Корпоративті университет» инновациялық-білім беру консорциумы қызмет етеді.
Өнеркәсіптік өндірісті автоматтандыру және робот техникасы саласында «Индустрия 4.0» көшбасшысы FESTO германдық-австриялық компаниясы жабдығының кешені бар республикалық «FESTO» орталығы құрылды. Берілген ғылыми-білім беру орталығы базасында «Индустрия 4.0» қызмет ету фрагменті – Интернетті қашықтықтан басқаратын мехатронды желіні басқару жүйесі әзірленді.
Машина жасауда – «Maker» ЖШС-мен, тау-кен ісінде – «Leica Geosystems” Швейцария компаниясымен Цифрлы технологиялар бойынша бірлескен оқу зертханалары ашылды.
Тұтас алғанда техникалық мамандар даярлайтын ғылыми-оқу базасын ЖОО-ның «Минералды шикізат ресурстарын кешенді игеру» Инженерлік бейіндегі сынақтау зертханасымен және Халықаралық материалтану орталығымен қоса, 5 ҒЗИ, 185 зертхана, инновациялық орталықтар, өнеркәсіптік полигондар және тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскелері құрайды. ЖОО заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес Epam R&D-зертханасы базасында ҚР IT-индустриясы үшін кадрлар даярлайды.
ҚарМТУ бүкіл әлемдік компаниялар мойындаған «тау-кен инженері» біліктілігін беру жөнінде ЮНЕСКО қамқорлығымен кен-техникалық білім беруде Халықаралық құзырет орталығы Қадағалау кеңесінің құрамына енді (Санкт-Петербург тау-кен университеті базасында).
«Корпоративті Университет» консорциумы кәсіпорындарымен серіктестікте ҚарМТУ жалпы қаржыландыру көлемі жылына 1,2 млрд. теңге болатын маңызды ҒЗТКЖ әзірлеуді одан әрі өндіріске енгізумен қатар жүргізеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша, ҚарМТУ ғалымдары кәсіпорынның жетекші мамандарымен бірлесіп, ҚР БҒМ еліміздің техникалық жоғары оқу орындары үшін бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар даярлауға ұсынған, жаңа буынның мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 65 оқулықты басып шығарды.
2017 жылы БСҚҚТА бас рейтингінің деректері бойынша ҚарМТУ-дың өз тарихында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды озып, 2-орын алуы кездейсоқтық емес. Осыған орай, жоғары оқу орны 41 техникалық мамандық бойынша жүлделі орындар алды.
Президенттің ҚарМТУ студенттері ерекше қызу қолдаған тағы бір әлеуметтік бастамасы – жатақханаларда орындардың жетіспеу проблемасын шешу мәселесі. Бүгінгі таңда ЖОО жатақханаларында орындардың тапшылығы 1500-ден астам орынды құрайды. Жыл сайын шетелдік студенттер мен «Серпiн – 2050» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер контингенті артып келеді.
Университет осы жағдайларда 400 орынға арналған жаңа студенттер жатақханасының құрылыс жобасын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аясында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуеттік бастамалары, ең алдымен, білім алатын жастар үшін әлеуметтік лифтті қамтамасыз ету бойынша жағдай жасауға, олардың әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларында өмір сүруге және жұмысқа табысты бейімдеуге бағытталған.
Біздің Президентіміздің жаңа стратегиялық маңызды әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы инженерлік білімін алған жоғары оқу орны үшін ерекше маңызды.
М.ИБАТОВ,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры,
техника ғылымдарының докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты.