Қарағанды

Болашаққа сенім мол

    «Алтын сақа» балабақшасында жас тәрбиешілерге арналған «Өзін-өзі тану» сабағында мектеп жасына дейінгілердің әлеуметтік дағдыларын коммуникативті ойын арқылы дамыту жөнінде семинар өтті.

Қазіргі таңда инновациялық технологияларды дамыту маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай бағдарламамен, технологиямен қамтамасыз ететін кез келді. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу бағдарламалары әр баланың талабын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, арнайы әдіс-тәсілдер арқылы білім берудің бағдарламасын менгеруге бағытталған. Осыған орай, қалалық «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешілері өткізген семинарда балабақша директоры Ж.Оспанова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Балабақшамыздың әдіскерлері Р.Бапахова мен Н.Александровская, тәрбиешілер М.Сейтбатталова балалардың бойына адамгершілік құндылықтарды дарыту жолдарын түсіндірсе, тәрбиешілер Г.Ақжарова және Д. Насипова ересек топтармен өткізілген ашық сабақтарды ұсынды. Сонымен бірге, тәрбиешілер мен музыка жетекшілері Д. Саят, О. Горобец, М. Жұмабаева оқудағы практикалық іс-тәржірибелерімен бөлісті.

Пәннің болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, адамгершілік мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделгенін атады. Бәсекеге сай жас мамандарды тәрбиелеуді ұсынды.

М.ТҮСІПОВА,

«Алтын сақа» балабақшасы жоғары санатты тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button