Болашаққа бағыт

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес деді, бұл ақиқат, тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарылды. Бүгінде әлем бойынша 9-орынды иеленген ұлан-асыр жерді ұрпаққа аманаттаған жауынгерлік және ерлік рухымен қатар, Қазақ даласы ежелден қонақжайлық, даналық, парасаттық пен татулықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Тағдыр жазуымен біздің аталарымыз осы қасиетті жерде ошақ құрды. Ал, бүгін біз бір тудың астындағы біртұтас Қазақстан азаматтары екенімізді мақтанышпен айтамыз.

«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі» ҚБ 1995 жылдың қаңтар айында құрылды. Қазіргі таңда біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дамытуға, тарихымыздан тағылым алуға, туған тілімізді меңгеруге, жастарымыздың патриоттық және адами қасиеттерін қалыптастыруға қажетті барлық мүмкіндікке иеміз.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдері «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV мерейтойлық сессиясында бас қоспақ. Өзге елдер дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып жатқанда, Ұлт көшбасшысы Қазақстанның өзіндік даму жолын ұсынды, ол – экономикалық өсудің жаңа моделін құруға және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстанның үшінші жаңғыруы болып табылады. Бұл – ортақ үйіміз Қазақстандағы тұрақтылықты одан әрі арттырары сөзсіз.

Увайс ДЖАНАЕВ,

Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қарағанды облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.