Спорт
Боксшыларымыз сақадай сай
Бокстан Болгарияда 2-12 ақпан аралығында «Кіші әлем чемпионаты» саналатын дәстүрлі «Странджа кубогы» турнирі өтеді. Аталмыш турнирге құрама сапынан кімдердің қатысатыны белгілі болды.
51 келі салмақта ел намысын Санжар Тәшкенбай қорғайды. 54 келіде Дәулет Молдашев, 57 келіде Оразбек Асылқұлов, 60 келіде Руслан Күзеубаев, 63,5 келіде Ерасыл Таңқай шаршы алаңға шығады.
Дулат Бекбауов 67 келіде, Талғат Шайкен 71 келіде, Нұрқанат Райыс 75 келіде бақ сынайды. Ал, 80 келіде Тұрсынбай Құлахмет мен 86 келіде Абзал Құттыбеков жұдырықтасатын болады.
Айта кетейік, былтыр ұлттық құрама сапында 57 келіде бақ сынаған Оразбек Асылқұлов – күміс, 75 келіде өнер көрсеткен Нұрқанат Райыс – қола жүлде иеленген болатын.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz