Бас тақырыпРесми

Қараусыз қалған жылыжай қалпына келтіріледі

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев іс сапармен Балқаш қаласына барып қайтты. Сапар барысында қаладағы қараусыз қалған жылыжайға ат басын бұрып, қалпына келтіруді тапсырды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Талайдан бері қараусыз қалған жылыжайды «қайта қалыпқа келтіремін» деген ниет білдіруші кәсіпкер табылды. Кәсіпкер Аян Тілеуханов алдағы уақытта жылыжайда көкөніс пен гүл өсіруді жоспарлап отыр.

Ол жылыжай ашылса «қаладағы жұмыссыз жүрген жандардың саны азайып, азық-түлік мәселесі де жеңілдей түседі» дейді.

Ал, жылыжай жұмысы өркендеуі үшін аймақ басшысы жан-жақты қолдау көрсететіндігін баса айтты.

– Әуелі жылыжайдағы топырақты ауыстырып, құнарландыру қажет. Содан кейін қияр, қызанақ, бұрыш және баялды, шырайгүл, раушан, қызғалдақ сынды гүл тұқымдарын екпекпін. Жобаны биылдан бастап қолға аламын. Билік тарапынан маған қолдау бар. Инфрақұрылымды өткізуде көмек көрсетуге де уәде берді, – деді кәсіпкер Аян Тілеуханов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button