Бизнеске – ауқымды қолдау
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке барлық заңнамалық актілерге түгендеу жұмыстарын өткізуді, бизнес құру рәсімдерін күрделендіретін, кәсіпкерлік істің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайтуға шара қолдануды тапсырды. Бұл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің құрылған уақытынан бастап бизнеске арналған әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы қайта қарастыру бойынша нақты жұмыстар атқарылды.
Өткен уақыт ішінде Комитетпен 6 Санитариялық қағидалар (СҚ) қайта қарастырылды, оларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптар оңтайландырылған. Ескірген және талаптарды қайталайтын 29 СҚ күші жойылды. Қадағалаудың бағытталған қатерлерін жетілдіру шеңберінде нақты нысандарда жаңа қатерлерді бағалау деңгейлерінің критерийлері бекітілген.
Көптеген сілтемелік нормалары бар біреуінің орнына 41 тексеру парақтары қабылданған. Нәтижесінде тексеру парақтарындағы талаптар 6,3 есе қысқартылған (11000-ден 1740 дейін), және процестер мен қызметтердің қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды қарастырады.
Сонымен қатар, бақылауға алынған нысандар тізбесін қалыптастыратын әдістер эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар түрлерінің санын 42-ден 12 дейін азайта отырып, қайта қарастырылған. Яғни, ерекше тәртіп бойынша тексерулермен қамтылған нысандар тізімі қысқарды. Сонымен қатар, 2017 жыл соңына дейін 11 Санитариялық қағидаларында бекітілген талаптарды оңтайландыра және ырықтандыра отырып, қайта қарастыру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нысандарды елеусіз топқа көшіру және 400 зертханаларды ерекше тәртіп бойынша тексерулерден босату арқылы бизнес нысандарында тексерулер санын 1,7 есе қысқартуға; 1500-ден астам амбулаториялық-емханалық және клиникалық-диагностикалық және 2086 стоматологиялық ұйымдардың қатері жоғары деңгейлі топтардан орта топқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Ерекше тәртіп бойынша (жоспарлы) сауда объектілерін тексеру толықтай тоқтатылды.
Нысандардың 65% (12 806-дан 8224-і) эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз нысандарды құрайды, оларға қатысты тек қана жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі, осы нысандар түрлерін пайдалану нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алусыз жүргізіледі. Қайта реттеу шараларын табысты жүзеге асыру бизнеске лауазымды тұлғалар тарапынан жасалатын қысымды келесі жолдар арқылы:
– ерекше тәртіп тексерулерін 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 28% төмендету;
– берілетін рұқсат ету құжаттары (санэпидқорытындылар) санын нысандарды эпидмаңыздылығы жоғары топтан елеусіз топқа көшіру арқылы 12,5% қысқарту;
– санитариялық қағидалардың талаптарын оңтайландыру есебінен ақпараттық құралдарды 30% қысқарту;
– қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен өткізілетін санэпидаудит сияқты баламалы бақылау формаларын одан әрі енгізу арқылы тексерулер санын азайтуға болады, ерекше тәртіп бойынша тексерулерді 2 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік жасайды.
Осылайша, мысалы дәрі-дәрмек құралдарын дайындау бойынша нысандарға қойылатын талаптар саны 83 тармақтан 18 тармақтарға дейін азайтылды, яғни, 4,6 есе; стоматологиялық қызметтер көрсететін нысандарға – 83 тармақтан 37 дейін немесе 2,2 есе; амбулаторлық-емханалық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуші және стационарлық көмек беруші денсаулық сақтау объектілерінде – 1,4 және 1,3 есе тиісінше азайтылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік жеке серіктестікті (МЖС) дамыту және балаларды тәрбиелеу және білім беру бизнесін жеңілдету мақсатында мектепке дейінгі балалар ұйымдарының санитариялық қағидалары қайта өңделді, осылай қолданыстағы санитариялық қағидаларда 235 тармақтан тұратын 12 бөлім бар, өткізілген қысқартудан кейін жаңа редакцияда СҚ 193 тармақты 13 бөлімнен тұрады (балабақшаларды тұрғын үйлерде орналастыру туралы жаңа жеке бөлім қосылды), санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 42 тармаққа қысқатылды.
Келесідей өзгертулер енгізілді:
– балалар ұйымдарының топтық алаңдарының көлемдері бір орынға 6м2 орнына 4 м2 деп анықталды (бір орынға 2м2 дейін азайтылды);
– бір балаға бірыңғай алаңдар қабылданды: жатын бөлмесінде – 1,8 м2, топтық ойын бөлмесінде – 2,0 м2;
– мектепке дейінгі ұйымдардың бейімделген жайларында (жеке тұрғын үйлерде, көп пәтерлі үйлерде, қабат саны нақты анықталған (бірінші екі қабат) жапсарлас салынған ғимараттарда), негізгі және қосалқы жайлар жиынтығы қысқартылған ойын алаңдарына, тамақ дайындау блогына, ең аз көлемі көрсетілген дәретхана және медициналық кабинеттерге байланысты жеке бөлік әзірленген;
– ауру себебінсіз болмаған балаларды балабақшаға қабылдау ережелері анықталды.
Қазіргі уақытта адам орны 50-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері, бөлшек және көтерме сауда объектілері мен базарлар бақылаудан шығарылды. Сонымен қатар, бақылаудан толықтай ұсақ бөлшек сауда шығарылды, осылайша, тамақ өнеркәсібі мен біздің сауда сөрелеріне түсетін өнімдердің қауіпсіздігіне баса назар аударылады.
Денсаулық сақтау және зертхана нысандарына қойылатын СҚ эпидмаңыздылығы елеусіз нысандардың санэпидқорытындылары болуы; объектілердің құрылысы мен жобасына қойылатын талаптар; басқа да НҚА қайталайтын талаптар алынған; СНжҚ талаптары азайту жағына сәйкес қайта қарастырылған; сонымен бірге денсаулық сақтау, білім салаларындағы МЖС дамуына кедергі келтіруші нормалары алынған; КОБ арналған алаң көлемін 30-35% дейін азайтуға мүмкіндік жасаған сәулет-жоспарлау және құрылымдық шешімдеріне өзгертулер енгізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарына бірқатар өзгертулер енгізілді, олар кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік қызметтер алу барысында кедергілер мен тосқауылдарды азайтуға бағытталған:
– эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысанның сәйкестілік (сәйкес еместік) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру кезінде кез келген аккредиттелген зертханамен өткізілген зерттеу (сынақ) хаттамалары қабылданады;
– санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға қажетті зертханалық-инструменталдық зерттеулердің (сынақтар) нақты тізімі анықталды (бұрынғы Стандартта аталған тізбе болмаған, бұл өз кезегінде СЭҚ алу кезінде қажетсіз қаржылай шығындарды қажет етеді);
– “Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандарды салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бәсекелес ортаға берілді, бұл қызмет түрі бұрын қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен көрсетілген болатын. Бұл қызмет түрін қазір «Мемсараптама» РМК көрсетеді.
– “Тамақ өнімін өндіру (дайындау) нысанына есептік нөмір беру” мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі он бестен жеті жұмыс күніне дейін азайтылған;
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан ерекше тәртіп бойынша тексерулерге балама ретінде санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша түсінік беру жұмыстары жалғастырылуда. Нысанның санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестілігі туралы тәуелсіз аудиторлық ұйымның қорытындысын алған жағдайда нысан мемлекеттік органның ерекше тәртіп бойынша тексеруінен босатылады.
Департамент тұрақты негізде қолданыстағы заңды жүзеге асыру, пайдалану жұмыстарына талдау жасайды. Осыған сәйкес әкімшілік тосқауылдарды азайту, рұқсат ету жүйесін оңтайландыру, бақылау-қадағалау қызметін реформалау бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, кәсіпкерлер өнімнің сапасын жақсартып және қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, халық үшін қызметі кезінде өз ісіне жауапкершілікпен қараулары аса маңызды.
Қайрат Баймұхамбетов,
Қарағанды облысы қоғамдық
денсаулық сақтау
департаментінің басшысы.