Бас тақырып

Былтыр 23 млрд. теңгеге 5,5 мың бизнес жоба қаржыландырылды

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – басым міндеттер қатарында. Өткен жылғы қолдау шаралары саланы дамыту жөніндегі ұлттық жоба мен  өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиынында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары кеңінен пысықталды. Барлығы 23 млрд. теңге бюджет қаражаты сомасына 5,5 мың бизнес жобасы қаржыландырылды. Бұл – субсидиялау, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру және жеңілдетілген несиелеу жобалары.

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды

Аппарат жиынында сөз алған облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Рахымбаев бизнес құрылымын субсидиялау, өңдеу өнеркәсібінің қазіргі аяқ алысы, іске асырылып жатқан бағдарламалар турасында кеңінен тоқталды.

– Субсидиялау амалдарын іске асыруға 14,6 млрд. теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаражат сомасына 3,6 мыңға жуық жоба субсидияланды. Бұл облыстың барлық қаржыландырылған жобаларының 65 пайызын құрайды. Салалық бөліністе өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалардың ең көп саны – 25%, одан кейін сауда – 20%, көлік – 16,3%, білім беру, денсаулық сақтау – 7,1%  шамасында, – деп тұжырды сөзін спикер.

Облыс әкімі өңірдегі шағын және орта бизнестің өрісін кеңейту бағытында құзырлы мекеме басшылары мен қала мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button