Жаңалықтар

Биылдан бастап елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

2023 жылдан бастап Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы пайда болады. Uchet.kz порталының мәліметінше, мұндай өзгерістер биылғы 6 қаңтарда ҚР Мәжілісінде енгізілген Еңбек кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек кодексіне сәйкес, 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған.

Сонымен қатар жекелеген өндірістерде әртүрлі аптада бір мезгілде 5 күндік және 4 күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындап жатады: 

«Жұмыс уақыты» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытын ауыстыру құқығымен 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесе 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі»;

Осыған байланысты «Үстеме жұмыстардың ең көп саны» деген 78-баптың 2-тармағы бойынша 4 және 5 күндік жұмыс аптасына бөлінеді: «2. Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы – 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасында – айына 12 сағаттан, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген кезде – жылына 120 сағаттан аспауға тиіс».

Тиісінше, 84-бапта 4 күндік жұмыс кестесімен демалыс күндері белгіленген.

5 күндік, 6 күндік немесе 4 күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып саналады. 5 күндік және (немесе) 4 күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, 5 күндік жұмыс кестесімен бір апта, 4 күндік жұмыс кестесімен екінші апталық жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде кеңсе қызметкерлеріне қолданыла бастады және халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес келеді.

Басқа материалдар

Back to top button