Жаңалықтар

Биыл Қазақстан үшін астық өнімділігі бойынша рекордты жыл болды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында еліміздегі 2025 жылғы егін жинау жұмыстарына қорытынды жасады. Ол аяқталған маусым ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсімін көрсеткенін атап өтті деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты http://qazaq1913.com -ға сілтеме жасап.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

«Биыл тек дәнді дақылдар бойынша ғана емес, сонымен қатар бұршақты және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдар тұрғысынан да рекордтық жыл болды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ерекше назар аударылды», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр ұсынған деректерге сәйкес, республика көлемінде биылғы астық жинау науқаны толық аяқталды. 16 млн гектар жерден орта есеппен гектарына 17 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 27 млн тонна астық құйылды. Оның ішінде бидай 12,2 млн гектардан орылып, жалпы көлемі 20,3 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен жарты млн тоннаға артық көрсеткіш.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button