Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға артты
Биыл жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға артып, 7,8 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-министр бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
– Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділігі 16,1 ц/га 26,7 млн. тонна астық, оның ішінде бидай – 19,8 млн. тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ, 2,9 млн. тонна картоп, 3,9 млн. тонна көкөніс, 3,2 млн. тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақтағы ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өсуі байқалды, – деп нақтылады Азат Сұлтанов.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.