Бас тақырыпЖезқазған

Бітімгершілік – бабалар жолы

Дау-дамайлардың же­келеген санаттарына қатысты кикілжіңді медиация тәртібімен шешудің оң тәжіри­белерімен бөлісу – қазіргі таңдағы басты қажеттіліктердің бірі. Соған орай, Жезқазған қалалық сотында ҚР Жоғарғы сотының пи­лоттық жобасын одан әрі өрістету мақсатын­да дөңгелек үстел оты­рысы өтті.

Маңызды мәселені талқыға салған басқосуға қалалық соттың судьялары, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Жұлдыз Есмурзина, сонымен қатар, күн тәртібіндегі сауалға тікелей немесе жанама түрде қызығушылық танытушы өзге де тараптардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында ауырлығы орташа қылмыстық істер мен азаматтар арасындағы келіспеушіліктерді келісімге келу арқылы реттеу жөніндегі әрекеттер сарапқа салынып, нақты нәтижелер тілге тиек етілді. Медиацияның маңыздылығын қоғамда насихаттау мен оның қолданыс көкжиегін кеңейту жолдары қарастырылды.

Дөңгелек үстел түйінінде бітімгершілік бабалардан қалған қастерлі ғұрып екендігіне ерекше мән беріліп, дауласушы тараптардың медиация тәсілімен мәмілеге келуіне ден қою талабына айрықша назар аударылды.

 Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ.

Басқа материалдар

Back to top button