Жаңалықтар

Бірліктің бекем кепілі

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, білім мекемелері, мәдениет ошақтарының қызметкерлері және кітапханашылар мен оқырмандар қатысқан «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Шара қонақтары қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейтуге және мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда ақпараттық қолдау көрсетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылап, осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сурет ұйымдастырушылардан

«Татар-башқұрт бірлестіктерінің қызметі және негізгі жұмыс бағыттары» атты баяндаманы облыстық «ИХЛАС» татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рифат Хакимов, жазушы Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған «Қазақ даласындағы неміс ұлы» баяндамасын «Видергебурт» неміс орталығының облыстық қоғамының этномәдени жұмыс бөлімінің жетекшісі Анастасия Коваленко жұрт назарына ұсынды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде «Қазақ тілінің қоғамдағы орны» баяндамасын «Парасат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Гүлжәмила Әзбай ортаға салды. Ал, «Балабақшадағы «Әжемнің ертегісі» жобасын жүзеге асыру моделі» баяндамасымен қазақ тілі пәні мұғалімі Алмагүл Бейсембекова мінбеге көтерілсе, «Мәміле» әңгімелесу клубы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ольга Тим де өз ойымен бөлісіп, мемлекеттік тілді тұғырынан түсірмеудің жолдарын айтты.

Шара соңында, қатысушылар атқарылып жатқан жұмыстарының сәтті жалғасуы Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының ойдағыдай жүзеге асырылуының арқасында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, зағип пайдаланушылар үшін мобильді телеграм қосымшасы арқылы қажет мәтінді дыбыстап қолдану ұсынылып, мемлекеттік тілдегі ертегілер арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу аясында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Оқырмандар мамандарға сұрақтарын қойып, тақырыпқа сай ұсыныстар да айтылды. Мемлекеттік тілді білу, құрметтеу, тұғырынан түсірмеуге атсалысу, қолданыс аясын кеңейту еліміздегі біртұтастық пен бірлікті қамтамасыз етіп, дамуымызға әсер ететін басты фактор екенін айтқымыз келеді.

Мақпал ЖАНАТҚЫЗЫ,
кітапхананың сектор басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button