Бас тақырып

Бір шаңырақ, бір отбасы

Қарағандыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге арналған онкүндік өткізу биылғы жылдан бастап дәстүрге айналмақ. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі бүгін, 17 наурыз – «Шаңырақ» (отбасылық құндылықтар) күні.

Сурет: dzen.ru

Шаңырақ күні халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үйретеді.

Қазақ мәдениетінде шаңырақтың алатын орны ерекше. Шаңырақ киiз үйдiң күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталады. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.

Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді де бойына сіңіріп өсіретін отбасы. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында отбасыдан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғырта түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button