Балқаш

«Білімді ел – Мәңгі Ел»

       Дәстүрлі мектеп күні Балқаш қаласындағы №5 орта мектепте биыл осы тақырыппен өтті.

Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде заман талабына сай жаңа бағдарлама бойынша 4 блоктан тұратын «Жыл мұғалімі» байқауы аясында мектепішілік ашық сабақтар өткізілді.

1 «Ә» сыныбында А.Аханова жаратылыстану пәнінен «Глобусты қалай қолданамыз?», 1 «А» сыныбында Т.Дюсекеев дене шынықтыру пәнінен «Тірек қимыл жаттығуларын дамыту», 1 «А» сыныбында А.Сәкібай ағылшын тілінен «Transport» сабақтарын өткізді.

Орта буындар арасында 6 «Ә» сыныбында Ж.Иманғалиева, 6 «А» сыныбында Б.Адамбаева қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаевтың «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Жоғары сыныптарда математикадан 11-сыныпта С.Рымкешев «Призманың көлемі», 10-сыныпта таңдау пәні бойынша химиядан М.Сұлтанова «Құрамында қоспасы бар компоненттерден алынатын өнімнің массасын табу» ашық сабақтарын өткізді. Осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізген директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мұхаметжанованың еңбегін мақтанышпен айтуға болады.

Сондай-ақ, мектеп директоры А.Абдуалиева «Мектептің даму Стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы» бағдарламасын баяндады.

Екінші кезең де 4 блоктан тұрды. Аға тәлімгер Қ.Құнарбекованың ұйымдастырған Үгіт-насихат тобының жұмысы оң бағаланды. А.Шакижанова, А.Сәкібай, Ж.Амантайдың жетекшілік етуімен бастауыштан жоғары сынып оқушыларына дейін қатысқан гала-концерт те жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Мектеп мұражайының да жұмысы таныстырылды. Мұражайға басшылық жасаған Г.Мерейхан мен М.Жақыпбеков туған өкеміздің биылғы 80 жылдық мерейтойына арналған фото-альбомдар мен макеттерді ұсынды. Оны сынып жетекшілері мен оқушылар әзірлеген.

Сүйікті шаһарымыздың көрікті жерлері, табиғаты, өсімдіктері мен жануарлары туралы сыр шертетін көрме де мектеп күнінің мазмұнын аша түсті. Ұйымдастырушысы – А.Қасенова және А.Қордабаева.

Көптілеу МАХАШОВА,

5 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button