Жаңалықтар

Білім және ғылым қызметкерлерімен семинар өтті

Қарағандыдағы  №1 гимназиясында  Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары комитеті филиалының «Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ төрағалары Қарағанды қаласының білім және ғылым қызметкерлерімен ҚР еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Суреттер ұйым мамандарынан

Семинарға директорлар, мектеп директорының орынбасарлары, педагогтар және білім беру саласында жұмыс істейтін басқа да қызметкерлер қатысты.  

Аталған семинарда мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қасымова «Білім және ғылым саласындағы еңбек заңнамасын бақылау» тақырыбында баяндама жасап, жыл басынан бері білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталған негізгі бұзушылықтар мен қабылданған шаралар жайында айтып берді.  

Семинар барысында жұмыскерлердің келісу комиссиясына жүгіну мәселелері, келісу комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі, еңбек шартын жасасу және бұзу тәртібі, тәртіптік жаза қолдану тәртібі, еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, жұмыс уақыты режимі және тағы басқа да мәселелер бойынша негізгі аспектілер айтылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдері үшін алғыстарын білдіріп, іс-шараға оң баға беріп, пікір алмасты.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button