Білім

Білім саласында – соны өзгерістер

Облыстың білім беру ұйымдарында 24 мыңнан аса педагог жұмыс істейді. Бүгінгі күнде 16 374 педагогтің немесе 67,2% жаңа жүйе бойынша біліктілік санаты бар. Биыл 9 мыңнан астам мұғалім немесе (8 760 адам) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Адами капиталдың қалыптасуы едәуір дәрежеде білім беру саласының тиімді жұмысына байланысты.

Білім беру сапасына тікелей ықпал ететін факторлардың бірі педагогтердің кәсібилігі болып табылады.

Облыстың білім беру ұйымдарында 24 мыңнан аса педагог жұмыс істейді. Бүгінгі күнде 16 374 педагогтің немесе 67,2% жаңа жүйе бойынша біліктілік санаты бар. Биыл 9 мыңнан астам мұғалім немесе (8 760 адам) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Педагогтерге деген қажеттілік 127 адамды құрайды. Бұл проблема, негізінен, жас мамандар есебінен шешілуде. Жыл сайын білім беру ұйымдарына 600-дай жас педагог келеді, олардың арасында облыстық бюджет есебінен оқытылған түлектер бар.

Соңғы 3 жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 адам педагогикалық мамандық бойынша оқып шықты. Олардың бәрі білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастырылды. Биылғы оқу жылында педагогикалық мамандықтарға 20 грант бөлінді.

Сондай-ақ, өткен жылдан бері «Мамандыққа жанамалай кіру» жаңа білім беру жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға жоғары педагогикалық емес білімі бар 33 адам қатысып, осы жылы қайта даярлықтан өткеннен кейін мектептерде жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы біз «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорымен ынтымақтастықты жалғастырдық, енді жобаға қатысатын мектептер санын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Білім беру саласындағы барлық жұмыс білім берудің сапасын жақсартуға және осы процестің барлық қатысушылары үшін қауіпсіз жайлы жағдай жасауға бағытталған. Осының бәрі аймақтағы білім беруді одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Білім берудің бірінші деңгейі – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күнде облыста жалпы 39 мыңнан аса баланы қамтитын 411 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде, 11 мыңдай балалар контингенті бар 101 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 79,5% -дан 82,6%-ға өсті, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды. Бұған 2 мыңнан астам жаңа орын ашу есебінен қол жеткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жан басына қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі.

2023 жылдың аяғында бір балаға бөлінген мемлекеттік тапсырыстың құны қалада 52 954 теңгені, ауылда 59 111 теңгені құрады. 2024 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстың құны 54 506 теңгеге (қала) және 60 747 (ауыл) теңгеге өсті.

Жаңа орындардың ашылуы іс жүзінде жекеменшік инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуда. Жаңа орындардың 97,6%-ы жекеменшік ұйымдарда ашылды.

Үстіміздегі жылы 3 540 мектепке дейінгі жаңа орын ашуды жоспарлап отырмыз.

Қарағанды қаласында (Новоузенки ауданы) 140 орындық жекеменшік балабақша салынып жатыр және Балқашта бұрынғы емхана ғимаратын қайта жөндеу есебінен 280 орындық балабақша ашылды. Приозерск қаласы 320 орынға арналған балабақша құрылысы басталды. Қарағанды қаласы Пришахтинск ауданында 320 орынға арналған типтік мемлекеттік балабақша салу мәселесі шешілуде.

2023 жылдың мамыр айынан бастап МӘК алатын отбасылар санатындағы 255 балабақша тәрбиеленушісі үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған.

Биылғы жылдың бір жаңалығы – балаларды есепке алу, кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру Бірыңғай республикалық базаға көшірілді. Кезектік тізімнен мектепке дейінгі ұйымдарға берілетін жолдамалар ата-аналардың қатысуынсыз Оқу-ағарту министрлігі арқылы автоматты түрде берілетін болады. Кезектер әрбір балабақша үшін жекелеме түрде қалыптасатын болады. Ата-аналар төрт балабақшаға дейін таңдай алады. Өткен жылы Шахтинск осы жобаны республикада табыспен жүзеге асырған алғашқы аймақ болды.

Орта білім беру жұмысы сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Облыста барлығы 402 жалпы білім беретін мектеп бар (ОМ-301, НМ-73, БМ-28), оның ішінде ауылдық аймақтарда – 231 (ШЖМ – 162 немесе 40%).

Қазіргі таңда үш мектеп: Қарағанды қаласында (Күнгей ш/а 600 орындық) бір мектеп, Қарқаралы ауданының Талды ауылында (200 орындық) және Бұқар жырау ауданының Новостройка селосында (150 орындық) апатты жағдайдағы екі мектептің орнына салынып жатыр.

Қарағанды қаласы №44 апатты мектептің ғимараты қиратылып, орнына жаңа мек­теп салынатын болады.

Жалпы алғанда, облыс бойынша 2023 жылға дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының аясында 12 500 оқушы орнына арналған 18 мектеп салынатын болады.

Сондай-ақ, өткен жылы 115 нысан жөнделді, оның ішінде 13 нысан күрделі жөндеуден, 102 нысан ағымдық жөндеуден өтті.

Ағымдағы жылы 59 білім беру ұйымын жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде, 29 нысан күрделі жөндеуден, 30 нысан ағымдық жөндеуден өтетін болады.

Мектеп ғимараттарына қосылған қазандықтарды шығару ерекше бақылауда. Өткен жылы 17 қазандық қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. 2024 жылы тағы 19 қазандықты шығару көзделуде.

Физика, химия, биология, STEM пән кабинеттерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 72 кабинет сатып алынды. Биыл тағы 65 кабинет сатып алу жос­парлануда. Нәтижесінде заманауи кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 80%-ды құрады.

Білім беру қызметін көрсету сапасына әсер ететін факторлардың бірі – жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету.

Облыстың барлық мектептері Интернет желісіне қосылған. 20 жеткізуші 612 қосылу нүктесі арқылы қызмет көрсетеді. Қазір техникалық мүмкіндігі бар 37 мектепте Интернеттің жылдамдығын көбейту жұмысы жүргізілуде.

Облыстың Интернет жылдамдығын көбейту проблемасы бар 106 мектебінде өткен жылдан бастап StarLink спутниктік жүйесіне қосылу жұмыстары басталған. Бұл жұмысты осы жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Өткен жылы осы жүйені апробациялау бойынша республикалық пилоттық жобаға Осакаров ауданының Қарағайлы ауылындағы Жамбыл атындағы мектебі қатысқан болатын.

Спутниктік жүйені енгізу нәтижесі кіру жылдамдығын 200 Мбит/с-ке, шығу жылдамдығын 30 Мбит/с-ке көбейтуге мүмкіндік берді,

Оқушыларды әлеуметтік қолдау жұмыстары да жалғасуда. Бұл, ең алдымен, жаппай оқыту қорына қаражат бөлу, ыстық тамақ пен тасымалды ұйымдастыру.

Жаппай оқыту қорының есебінен 11 227 баланың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің әрқайсының карта-есепшотына 40567 теңге көлемінде ақша қаражаты аударылды.

Тегін ыстық тамақпен барлық бастау­ыш сынып оқушылары қамтылған, бұл 75 мыңнан астам бала, оның ішінде жаппай оқыту қоры есебінен – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 мыңдай бала бар.

Орта білім беру сапасын арттыру жұмысы және аймақтар, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту жүргізілуде.

Білімдегі олқылықтарды толықтыруға ерекше назар аударамыз. Ол үшін осымен екінші жыл ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жобасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы 1 341 түлек мектепті бітірді, оның ішінде 350 түлек білім грантына ие болды.

Оқушыларды педагогикалық және медициналық мамандықтарды таңдауға бағдарлау мақсатында облыстың 10 инновациялық мектебінде «Медицинаға қадам» жобасы жүзеге асырылуда және медицина сыныптары ашылды (қала – 7, ауыл – 3), облыстың 20 мектебінде «Педагогикалық сынып» жобасы іске асырылуда (қала – 16, ауыл – 4). Бұл жобаларға қатысатын мектептер бейіндік колледждермен және жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтасады.

Халықаралық зерттеулердің (PISA, PIRLS-2021, ББЖМ) қорытындылары бойынша, өткен жылмен салыстырғанда, біздің балалар жақсы нәтижелер көрсеткенін атап кеткен жөн. Барлық қорытындылар бойынша облыс көрсеткіштері республикалық көрсеткіштерден жоғары.

Өткен оқу жылында оқушылардың олимпиадалық командасы республикалық олимпиадада 75 медальді жеңіп алды, 30 оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Осы жылдан бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан және репетиторлық қызметті пайдалану мүмкіндігі жоқ 7-11 сыныптардың үлгерімі төмен оқушыларының білім сапасын арттыруға бағытталған «Сандық мұғалім» республикалық жобасын іске асыру басталды. Біздің облыс бойынша осы санаттағы 1 418 оқушыны оқыту ұйымдастырылатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау мен ерте түзетудің қолжетімдігін көбейту – бұл да білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі.

Біздің облыста инклюзивті білім беру үшін 55% балабақшада, 81% мектепте және 70% колледжде жағдай жасалған.

Облыста 17 арнайы ұйым жұмыс істейді. Өткен жылы Саран қаласында психология­лық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Тағы бір осындай кабинетті Қарағанды қаласында ашу жұмысы жүргізілуде.

Оқу жылының басында Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларының арнайы мектеп-интернаттарында ақыл-ойы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін қосымша 5 сынып ашылды, сондай-ақ, Теміртау қ. ақыл-ойы бұзылған балалар үшін қосымша 2 топ ашылды.

2025 жылға дейін Балқаш, Қарағанды қаласында, Бұқар жырау ауданында тағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылады. Облыстық инклюзияны қолдау ресурстық орталығы (Қарағанды қ.27 ОМ), 8 инклюзияны қолдау кабинеті (Теміртау – 1, Қарағанды – 6, Шахтинск – 1), «ДАРА» қорынан 5 инклюзивті білім беру ресурстық кабинеті (Қарағанды – 2, Теміртау – 1, Шахтинск –1, Саран –1), 45 психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін көрсету кабинеті жұмыс істейді.

Қосымша білім беру одан әрі даму үстінде. Өткен жылмен салыстырғанда қамту 80,5% -дан (132929 бала) 83,3% -ға өсті (142 048 бала).

Мектептерде 2 646 үйірме мен секция тегін жұмыс істейді және 44,4 мыңдай баланы қамтиды. 96 мектептен тыс ұйымда 33 517 бала айналысады, о.і. 43 – білім беру жүйесінде, 35 – спорттық, 1 – мәдениет және 17 жекеменшік).

Осы жылы Қарағанды қаласында Пришахтинск ауданында 600 орындық жаңа Оқушылар сарайының құрылысы аяқталмақ. Балқаш қаласында 700 орынға арналған Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық орталығын ашу жұмыстарын бастаймыз. Іске қосу 2025 жылға жоспарланған.

Жалпы, қосымша білім берумен қамтуды арттыру мәселесін біз мемлекеттік тапсырысты жекеменшік ұйымдарға орналастыру есебінен шешеміз. Биыл 3 153 орынға мемлекеттік тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз.

Тәрбие беру жұмысы барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбиенің «Ұлттық мүдде. Талап. Ар-ұят» деген үш басты құндылығы бойынша іске асырылады. Бұл үшін ұлттық құндылықтарды сақтау және насихаттау мақсатында атап өтілетін «Тоғыз ай – 9 іс-шара», айтулы күндер енгізілген Кешенді жоспар жасалған.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролін арттыру мақсатында мектеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың жаңа нысандары енгізілді. Бұл бағытта жалпы 21 жоба, оның ішінде ата-аналардың өздері жүргізетін «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі» жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнде облыстың барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылған. Бұл орталықтардың жұмысы ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің баланың тәрбиесі мен дамуы мәселелеріндегі құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Балаларда кітап оқу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты. «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» акциясы енгізілген. Бұл шараға 2 300-ге жуық отбасы қатысты. Үш жыл ішінде акция аясында 12 мыңдай ата-ана қатысқан 4 мыңдай іс-шара ұйымдастырылды.

Балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балаларға арналған 7 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда жетім балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленушілер санының 507-ден 407 адамға немесе 20%-ға азайғаны байқалады. Бүгінде Әлеуметтік кодекстің қабылдануына және министрліктің бұйрығына байланысты балалар үйлерін Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларға қолдау көрсету орталықтары деп өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Патронаттық тәрбиені дамытудың облыстық Кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2016 жылдан бері 563 бала патронаттық тәрбиеге берілген.

Биылдан бастап кәсіби патронаттық отбасыларды енгізу жоспарлануда. Біз 12 балалы 3 отбасын ашуды жоспарлап отырмыз, яғни, 1 отбасында 4 баладан.

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысы туралы. Олардың қызметін үйлестіру білім бөлімі жанынан ашылған оқушыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету зертханасына жүктелген.

Жоғары педагогикалық зейінді, соның ішінде буллингтің ықтимал болуы, зорлық-зомбылықтың белгілерін талап ететін оқушыларды уақтылы анықтау үшін сабаққа қатысу кезінде психологтар мен әлеуметтік педагогтар қолданатын әлеуметтік-психологиялық бақылау картасы жасалды.

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды колледжде тегін біліммен қамтуға қатысты.

Қазіргі таңда 54 колледжде 32 036 жас білім алуда, оның 22 666 (71%) мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Биылғы оқу жылында қабылдау 8144 орынды құрады. Мемлекеттік тапсырыстардың 60%-ы техникалық мамандықтарға (металлургия, машина жасау, IT, құрылыс, көлік және т.б.) бағытталған.

Бүгінгі таңда 6 колледжде 8 жаңа мамандық пен 9 біліктілік ашылды: 07140500 «Цифрлық технология (түрлері бойынша)», 01140500 «Дене шынықтыру және спорт», 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 07320100 «Құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану», 04120200 «Банк ісі және сақтандыру», 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 02120100 «Интерьер дизайны».

Қосымша 8 мамандықты ашу бойынша жұмыс жоспарлануда. «SilkRoadsElectronics» ЖШС компаниясына Шахты технологиялық колледжінде «Полимер бұйымдарын өндіру технологиясы» мамандығы бойынша.

Кәсіпорындармен мамандарды мақсатты оқыту бойынша келісімдер белсенді түрде жасалуда. Биылдың өзінде келісім-шарт бойынша 467 студент білім алуда, келесі оқу жылына тағы 300 студент қабылдау жоспарлануда.

Дуалды оқыту 39 колледжде (28 мемлекеттік, 11 жекеменшік) енгізілді, оған 300-ге жуық кәсіпорынның қатысуымен және 6572 адам қамтылды, бұл мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық контингенттің 25%-ын құрайды (өткен жылы – 6425 студент, бұл 2%-ға) өсті. Кәсіпорындарға қамқорлық көрсету аясында 32 колледжбен 74 меморандумға қол қойылды.

Біз сондай-ақ, колледждер негізінде өзіміздің оқу фермалары мен шағын кәсіпорындарын құруды мақсат етіп отырмыз. ТжКБ ұйымдарында коммерцияландыруды дамыту үшін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасы белгіленді (Әкімдіктің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 27097 қаулысы) Биылғы жылы Қарағанды тағамтану және сервис колледжінің базасында шағын наубайхана ашу жоспарлануда. Бұл студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және сонымен бірге колледждің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал етеді.

Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және колледж студенттерін дамыту мақсатында облысымыз WorldSkills халықаралық шеберлік чемпионатына белсенді қатысуда. Биыл Польшада өткен халықаралық турнирге («Сантехника және жылумен жабдықтау», «Флористика» және «Электроника» құзыреті бойынша) Қазақстан атынан үш студентіміз қатысты.

Білім беру бағдарламаларына 50-ден астам WorldSkills стандарттары енгізілді, колледждердің 60% жаңа бағалау жүйесі – демо емтихандарды енгізуде. 28 техникалық-технологиялық колледждің 17-сі демонстрациялық емтихан түрінде біліктілік емтихандарын өткізіп үлгерді.

Білім беру саласындағы барлық жұмыстар білім сапасын одан әрі арттыру үшін жағдай жасауға және білім беру процесінің барлық қатысушыларына қауіпсіз, жайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Мұның барлығы өңірлік білім беру саласын одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Гүлбақыт ЖҮНІСОВА,
облыстық білім басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button