Білгенге маржан

Алмаз тастар – арзан көміртектер. «De Beers» компаниясы 1888 жылы Оңтүстік Африкадағы алғашқы алмас кенішін сатып алған. Содан кейін олар көптеген алмас тастарға тапсырыс беріп, оларды гауһарға айналдыра бастаған. Осыдан кейін гауһар тасты бұйымдардың бағасы көтеріле бастаған.

♦ ♦ ♦

Барлық қытырлақтар картоптан жасалмайды. Қытырлақтың тек 40 пайызы картоптан, ал қалғандары крахмал, ұн және судан жасалады. Ол денсаулыққа зиянды тағамдардың бірі. Сондықтан, көп тұтынбауға кеңес береміз.

♦ ♦ ♦

Жапалақтардың аяқтары ұзын болады. Жапалақ басын 270 градусқа дейін бұра алатынын бірі білсе, бірі білмес. Оны көбіне түнде кездестіруге болатындықтан, оның аяғының ұзындығы да байқала бермейді. Жапалақтың мұндай жаратылысы кездейсоқ ашылған. Бір америкалық турист құспен суретке түспек болып, оны көтергенде, аяғының ұзын екенін байқаған.

♦ ♦ ♦

18-19 ғасырда Франция елінде адамның орташа бойы 160 см-ді құраған. Ал Наполеонның бойы деректерге сүйенсек 168 см болған. Бойы кішкентай болғандықтан, басына қалпақ киіп жүруді ұнатпайтын болыпты. Сол себепті, оны көбіне қалпақсыз суреттейді.

♦ ♦ ♦

«Кока-кола» әртүрлі дәм береді. «Coca-Colа-ның» шыны бөтелкедегі түрі ең жақсы деп есептеледі. Дәмінің тәттілігі көптеген факторға байланысты болады. Банкалардағы алюминий кейбір дәмді сіңіреді деп есептеледі, ал әйнек химиялық инертті ғана сіңіреді.

Маржан терген

Жәнібек ӘЛИМАН.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.