Спорт

Бибосынов жеңіліп қалды

Бокстан Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз Сәкен Бибосынов 1/16 финалда жеңіліп қалды.

Үндістан боксшысы Дипак Кумармен жұдырықтасқан отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Екі раундтың қорытындысы бойынша Сәкен есепте алда тұрған. Алайда, бес төреші үшінші раундты үндістандық боксшының еншісіне жазды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы келесі кезеңге өте алмады.

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2021 жылғы әлем чемпионы. Ал, Қарсыласы Дипак Кумар 2019 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Бұған дейін 60 келідегі Талғат Сырымбетов, 63,5 келідегі Санатәлі Төлтаев пен 92 келіде өнер көрсеткен Айбек Оралбай Әлем чемпионатымен қоштасқан болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button