АймақТеміртау

Берсең – балаға бер

Дана халқымыз «Берсең – балаға бер» деп бекер айтпаған. Дүниеде осынау күнәсіз жан иесінің қабағына кірбің түспей, бір қуанғанына не жетеді? Ал ол мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндер болса ше?

 

Міне, осындай ғаріп балаларға инклюзивті білім беру бағытында Теміртау қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен биылғы Балалар жылында түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. «Жаңа күн» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлия Баймурзина конкурсқа өзінің әлеуметтік жобасын ұсынып, қала әкімінің грантын жеңіп алған еді. Сол бойынша ол ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді. – Біз, – дейді Әлия, – Осы мақсатта ата-аналар клубын құрып, онда әлеуметтік және волонтерлік мәселелерді қозғаймыз. Олардың басын қосып, бір-біріне көмектесуіне ықпал етеміз. Жоба аясында түрлі тренингтер өткізіп, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына да жәрдем жасаймыз.

Клубқа келген Инна Дергалева жанашырлыққа мұқтаж балаларға көмек қолын созған қала әкімдігі мен Әлия Баймурзинаға алғыс айтып, клуб мүшелерінің көмегімен баласының да тұйықтықтан арылып, ашыла түскеніне қуанышты екенін айтты.

Ержан ИМАШ,

ТЕМІРТАУ

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button