Спорт

Белсенді қара­ғандылықтар марапатталды

Еkaraganda.kz порталы облыс­тың кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп, қалалық ішкі саясат бө­лімінің қолдауымен «Айдың ең жа­ғымды жаңалығы» байқауын қо­рытындылады. «Белсенді Қара­ғанды» жобасы 2018 жылдан бері өт­кізіліп келеді.

Әр ай сайын ekaraganda.kz порталы ең жағымды жаңалықтарды таңдап, оқырмандар өзіне ұнағанына дауысын береді. Осылайша, өздерін қандай жаңалық қуантқанын таңдайды. Дауыс саналып, жеңімпаз анықталды.

Нәтижесінде, параармрестлингтен Әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болған қарағандылық спортшылар туралы материал айдың ең жағымды жаңалығы деп танылды. Хайуанаттар паркіндегі жаңа лемуралар мен Балқашта демалған еңбек ардагерлері туралы хабарлар да біршама дауыс жинады.

«Жағымды жаңалық» айдарындағы же­ңісі үшін қарағандылық спортшы Никита Ермаков сайт тағайындаған сыйлықты иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button