Облыс әкімдігіндеОблыс әкімі

Беларусь елшісімен кездесті

Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утю­пин Қарағанды облысында болды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбекпен кездесуде экономикадағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысының Беларуське экспорттайтын негізгі тауарлары – көмір, ферроқорытпа, мұнай мен мұнай өнімдері. Өз кезегінде, беларусь компаниялары біздің нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді. Өндірістік кооперация нығая түсуде. Бүгінде облыста 21 бірлескен кәсіпорын бар. Соның ішінде, самосвалдарды құрастыратын, БелАЗ қондырғыларын жөндейтін және қызмет көрсететін компаниялардыатауға болады. Қарағанды облысы аумағында өртке қарсы құралдардың бірлескен өндірісін ашу жоспарда.

– Біз жеткізіліммен ғана айналысып қоймай, қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік. Сонымен қатар, жергілікті қамтуды арттырады, – деді Павел Утюпин.

Жеңіс Қасымбек облысымыздың беларусь компанияларын тартуға мүдделі екенін және олар үшін қолайлы инвестициялық жсауға әрқашанда әзірлігін атап өтті. Аймақ басшысы беларусь инвесторларын ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыруға және мектеп құрылысына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, ІТ саласында да серіктестік те дамуы мүмкін. Облыс әкімі ынтымақтастықты дамыту идеясын қолдап, оны тиісті ведомстволармен пысықтауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button