Білім

Beginit-пен көшбасшы болыңыз

Қазақстанда inDrive компаниясының халықаралық Beginit Central Asia жобасының жаңа маусымы басталады.  Жоба Astana Hub халықаралық технопаркінің және iQanat қорының қолдауымен өткізіледі.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қазақстанның 10 өңірін қамтитын ауқымды білім беру жобасында қатысушылар Beginit білім беру платформасында тегін оқудан өтіп, Алматыдағы көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған лагерьге қатысу және осы әлеуметтік жоба аясында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады. Жобаның іріктеу туры  Қарағандыда 20 қыркүйекте өтеді. Сондай-ақ, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Тараз қалаларында және Қырғызстанның Қара-Балта, Шу облыстарында өз жалғасын табады.

Жобаға қатысу үшін бірнеше  шартты орындау қажет. Мәселен, 10-сынып  оқушысы болу, көрсетілген өңірлердің бірінде тұру, анкетаны  дұрыс толтыру, іріктеуге қатысу үшін ата-анасының келісімін алу міндетті. Жобаға қатысушылар осы шарттарды орындап, Beginit-пен бірге жарқын болашаққа қадам  басады.

Айта кету керек, жобаның іріктеу турына қатысқан оқушылар ғана келесі кезеңге жіберіледі. Іріктеуден өткен оқушылар қарашада Beginit платформасында оқуды бастайды. Ең үздік оқушылар 2025 жылдың наурызында Алматыда өтетін оқу лагеріне қатысып, көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған интенсивті тренингтерге қатысады. Оқу лагерінің қорытындысы бойынша, финалистер анықталып, олар 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында өз әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады. Жобаның финалы 2025 жылдың маусым айының басында Астанада өтеді.

Өткен маусымғы  іріктеу турына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 800-ден астам өтінім түскен. Финалда 37 оқушы анықталып, олардың ішінен шыққан 7 жеңімпаз шетелде оқу грантын, ҰБТ-ға дайындық курстарын және компьютерлер жеңіп алды. 18 қатысушы inDrive компаниясынан inVision U инновациялық университетіндегі Foundation Year бағдарламасына шақырту алды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша 6 үздік қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталып, 20 финалист inVision U университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Аружан СЕРІКБАЙ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button