Бас тақырыпЖаңалықтар
Бастау ауылынан Теміртауға дейінгі жол ашық
Су тасқынының салдарынан «Бастау-Ақтау-Теміртау» тас жолы жабылған болатын. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тас жолдың 25-ші шақырымында сараптама жұмыстары жүргізіліп, учаскедегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, бұл учаскеде тым көп жағдайда жұмыс істеп тұрған 4-тен 2,5 метрге дейін су өткізгіш құбыр бар.
Бүгінде еріген судың деңгейі төмендеп, елдімекенді су басу қаупі сейілген.
«KAZHservice» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының ДЭУ-45 құрылымдық бөлімшесі учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде 3 сәуір күні таңғы сағат 09:00-ден бастап көліктің барлық түріне арналған қозғалыс шектеулері алынып тасталды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ